Меню KDT
Декада психологического здоровья "Целый мир для меня".

КММ "Приишимка негізгі мектебі"
"Бүкіл әлем мен үшін" атты психология онкүндігі басталды.


Приишимка негізгі мектебінде 21-31 қараша аралығында  психология апталығы өтуде. Апталық 21 қарашада "Таңертенгі көңіл күй" сауалнамасымен басталды.Қатысушылар өздерінің көңіл күйлерін көбелекті түрлі -түсті бояулармен бояу арқылы көрсетті.Тәрбие бөлімінің меңгерушісі мен мектеп психологі мұғалімдер мен мектеп оқушыларын жинап Психология онкүндігін салтанатты түрде ашты.22 қараша күні  бастауыш сыныптар арасында "Мен үшін әлемді сыйла" атты сурет салу сайысы болды. 23 қараша мектеп психологінің жетекшісімен жас мамандар арасында түрлі тренингтер өткізілді. Тренинг барысында жас мамандар өздер еркін сезініп, жақсы көңіл--күйде болды. 25 қарашада күні сынып жетекшілер "Денсаулығыңды сақта және оны жақсарт" атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағатынан кейін оқушылар алған әсерлерімен бір -бірімен бөлісіп, бұдан былау  өз денсаулықтарына мұқият қарайтындарын айтты.


Комментариев нет
293 просмотров
Автор: b0737skobilim
Добавлено: 30.10.2019 в 10:24

Возможно вас заинтересует...!