2019 жылдың 13 желтоқсаныңда мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізілді.
2019 жылдың 13 желтоқсаныңда мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Мектебіміздің іс-шаралар жоспарына сәйкес «16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне» орай, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелігіне қабылданатын салтанатты шараға мектебіміздің 4- сынып оқушылары қабылданды . Шара барысында жас ұлан мен жас қырандықтар салтанатты түрде ант қабылдап "Жас Ұлан" галстугі мен төсбелгісін таққан болатын.
Мәжіліс залында «Тәуелсіздік – елдік пен ерліктің іргетасы» атты мерекелік шара өтті.Салтанатты іс-шарада оқушылар тәуелсіздік жылдарында жазылған жалынды жырлардан үзінді оқып, би билеп патриоттық әндер орындады.
1-11 сыныптар арасында жоспарға сәйкес «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты сынып сағаттары, викториналар ,мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді.


Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены