Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық
«Қараағаш негізгі мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
«Сыбайлас жесмқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабы 5 тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қараағаш негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобының құрамы ( бұдан әрі -жұмыс тобы)осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы үлгілік қағидаларының 8 тармағында көрсетілген бағыттар Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау болып анықталсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауын жүргізу жалпы кезеңі осы бұйрыққа қол қойылған уақыттан бастап 15 жұмыс күнінен аспайтындай болып анықталсын.
- Талдау кезеңі 2018 жылғы 1 қыркүйектің 2019 жылғы 1 қазан аралығы.
- Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталған соң 3 жұмыс күн ішінде келісілген талдау анықтамасы «Қараағаш негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының қарауына ұсынылсын.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мектеп директоры: Акбаева Р.Е.
Автор: b0527skobilim
Добавлено: 16.09.2019 в 16:32