Меню KDT
Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жұмыс сапары


Ағымдағы жылдың 13 қаңтар күні Уәлиханов ауданына Қазақстан Руспубликасы Парламенті Сенатының депутаты Е.Х.Сұлтанов, Мәжілісінің депутаты А.Б.Тасболатов және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В.С.Бубенко жұмыс сапарымен келді. Депутаттар Кішкенекөл №2 орта мектебінің ғимаратында аудан әкімі М.Д.Оспановтың және мәслихат депутаттарының қатысуымен аудан орталығының тұрғындарымен кездесу өткізді. 
Кездесу барысында Парламент депутаттары Президент Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың негізін түсіндірді. Кездесу қатысушылары депутаттарға қойған сұрақтарына нақты жауаптар алды.


Комментариев нет
232 просмотров
Автор: b122skobilim
Добавлено: 14.01.2020 в 03:10

Возможно вас заинтересует...!